Kyzylorda-news.kz.  Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама тобының «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков облыстық ардагерлер кеңесі алқасының мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптама тобының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

«Тұғырлы тәуелсіздік еліміздің басына бақ болып қонған сәттен бері егемен Қазақстан түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, елеулі өзгерістерді басынан өткерді. Еліміздің биік белестерден көрінуі ата- баба аманатының жемісті жеңісі. Елбасымыз «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де,болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек. Тәуелсіздіктің нұрлы таңының қалай атқанын ұмытпай, бүгінгі жетістіктерімізді мақтан тұтып, жарқын болашаққа бірге қадам басайық», – деді «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков.

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бегімбай Ұзақбаев, Қорқыт ата атындағы ҚУ-нің «Гуманитарлық-педагогикалық» институты директорының орынбасары, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі PhD Дәулет Омаров, Қорқыт ата атындағы ҚУ-нің «Құқықтану» кафедрасының доценті, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты Мәдина Жүсіпбекова баяндама жасады.

Баяндамада ел тарихындағы елеулі сәттер, ұлтаралық түсіністіктің қалыптасуы нәтижесінде елдегі бірлік пен ынтымақтың орнауы, тәуелсіздікке әкелген тарихи жол, егемен ел аталғалы жеткен негізгі жетістіктер айтылды.

Шара өзара пікір алмасумен жалғасты.

Тағы да оқыңыз: