Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы Айсана Намурадинды қабылдады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына республика бойынша барлығы 410 үміткер өтінім берген, оның ішінде «Медиа» бағыты бойынша 60 өтінім түскен, сол 60 жоба ішінен Намурадин Айсананың Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінен «Coworking» орталығын ашу туралы жобасы қолдау тапты.

Айсана Намурадин бұған дейін де «Біргеміз сабақтастық бағыты» бойынша 300 000 теңге, ҮЕҰ-дың ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасындағы балаларға ағылшын тілін тегін үйрету мақсатында 500 000 теңге гранттарының иегері атанған.

Қабылдауда грант иегеріне аудан әкімінің алғыс хаты және естелік сыйлығы табысталды.

Қабылдау барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Шарабан Қалыбаев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов Айсана Қанатқызын жеңісімен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: