Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы бойынша «Ұлағат пен ұстаным» тақырыбында зерттеуші ғалымдармен семинар өтті.

Мақаланың соңғы төртінші бөлімі «Ұлағат пен ұстаным» деп аталып, азаматтық қоғамды дамыту мен саяси реформаларды жалғастыруға арналады. Білім мен біліктің дәуірі – ХХІ ғасырда қазақ халқы да технологиядан қалыспай, әр адам өзін жетілдіріп, жаңа кәсіпті игеріп, ел дамуының басты қозғаушы күші болуы тиіс.

Шара барысында республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналының редакторы Нұрлан Көбегенұлы, өңірімізге белгілі теолог Бақтияр Оспанов және Қорқыт ата атындағы ҚУ «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Әзілхан Тәжікеевтер қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттар мен іргеміздің берік болуы үшін қажетті шаралар айтылды.

Тағы да оқыңыз: