Тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған қарапайым азаматтардың кредиті кешіріледі – Kyzylorda News
Басты бет

Тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған қарапайым азаматтардың кредиті кешіріледі

20.01.2022, 17:20

361 0

Kyzylorda-news.kz. Қаңтар айының басында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған қарапайым азаматтардың кредиттері кешіріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Тапсырмаға сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің кредиті есептен шығарылады. Сондай-ақ, тәртіпсіздік кезінде қаза болған қарапайым азаматтардың кредиті де кешіріледі. Қазіргі таңда агенттік бұл бағытта жұмыс жүргзіп жатыр», – деді Терентьев брифингте.

Бұған дейін бірнеше банк елдегі бүлік кезінде көз жұмған әскерилер мен полицейлердің кредитін кешіретінін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, қаза болған полицейлер мен әскерилердің отбасына баспана беріледі. Бұған қоса, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғаушылардың балаларына білім гранты ұсынылады.