Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 92 пайызы жақсы және қанағаттанарлық дәрежеде. Ішкі жолдардың 83 пайызы асфальтталды. Биыл Сырдария ауданында 19,7 шақырым жол орташа, ал 2 шақырымы күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

«Ауданның жолдар желісін дамытуға өткен жылы республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 2,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерінің 70,1 шақырымы, яғни 51 жол және көше жөндеуден өткізілді», – деді Талғат Тұрсынұлы.

Сондай-ақ, Тереңөзек кентіндегі Бердіқұлов көшесіне асфальт төселеді.

17 көше жарықтандырылды

Өткен жылы ауданда 17 көше жарықтандырылды. Оған 98 млн теңге қаржы бөлінген. Биыл елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 17,6 млн теңге қаржы қаралып, 7 көше жарықтандырылады.

«Әсіресе, 1973 жылы қолданысқа берілген Аманкелді, Шаған, Қоғалыкөл және А.Тоқмағамбетов ауылдық округтеріндегі электр энергиясы жиі ажырауы орын алуда. Бүгінде аталған ауылдардағы электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы көздері қарастырылуда», – деді Талғат Дүйсебаев.

Ауданда 84 мың түп ағаш егіледі

Алдағы бес жылда 60 гектардан астам жерге 84 мың түп ағаш егіледі. Сондай-ақ, биыл суды аз қажет ететін көкөніс-бақша, майлы дақылдарға басымдық берілмек.

Өткен жылы ауданда өнеркәсіп өнімі 51,1 пайызды құрап, өндіру көлемі 38,6 пайызға артты. Диқандар 21 мыңнан астам гектарға күріш дақылын орналастырып, 135 мың тонна өнім жинады.

«Ауданда аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың арқасында өсім сақталып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің әлеуеті артты. Соңғы жылдары Сыр өңірінде су тапшылығы орын алуда. Осыған байланысты алдағы уақытта біз суды аз қажет ететін майлы дақылдар, көкөніс-бақша және мал азығындық дақылдарға басымдық беретін боламыз. Осы ретте, біз аймақ басшысының қолдауымен аудан орталығынан шалғай жатқан Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылында егістік жерлерді пайдалануды қолға алып жатырмыз. Өткен жылы Айдарлы ауылындағы «Ақтам» және Аманкелді ауылындағы «Қызылту» каналдары тазартылып, көптен бері қозғалған аяқ су мәселесі шешілді. 157 гектардан астам үй іргелік және бау-бақшаға аяқ су барды. Іңкәрдария ауылында 10 гектар жерге заманауи технологияларды пайдаланып, бақша дақылдарының тұқымын өндіру және өсіру жоспарымызда бар. Алдағы бес жылда 60 гектардан астам жерге 84 мың түп ағаш егілетін болады», – деді Талғат Тұрсынұлы.

Биыл Қалжан ахун ауылындағы «Ескі бостандық», Н.Ілиясов ауылындағы «Дәурен» каналдары тазартылады. Нәтижесінде 1000 гектар егістік, 202 гектар жайылымдық және үй іргелік жерлер аяқ сумен қамтамасыз етіледі.

Ойын алаңдары көбейіп келеді

Былтыр Тереңөзек кенті және Шаған ауылында 4 ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Ал А.Тоқмағамбетов ауылындағы мектептің өжіресі тазартылып, жаттығу залы жасақталды.

«Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сол себепті спорттың бұқаралық сипатын дамыту – біздің негізгі бағыттарымыздың бірі. Ауданда спортты дамыту бойынша қабылданған шаралар аясында дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың үлесі 31 пайыздан асты. Өткен жылы 58 спорттық шара өткіздік. Оған 5911 адам қатысты. 22 спортшы спорт шеберіне үміткер, 11 спортшы жасөспірімдік І разрядтағы спортшы атақтарын алды. 15 спортшымыз Қазақстан Республикасының жүлдегерлері атанды және 1 спортшымыз облыстық мектеп интернатына қабылданды»,- деді Талғат Дүйсебаев.

831 адам тұрақты жұмысқа орналасты

Ауданда мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асуда. Мәселен «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында өткен жылы 23 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 592 адам еңбекке тартылды. Оның ішінде, бес адам тұрақты жұмысқа тұрды. Ал жалпы аудан бойынша 831 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Ауданда «Еңбек» бағдарламасыаясында 2945 адам жұмыспен қамтылды. Бұған қоса, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен 291 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларын атартылып, 25 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Мұнан өзге, төтенше жағдайға байланысты 3369 адамға коммуналдық қызмет төлеміне республикалы қбюджеттен 101,1 млн. теңге берілді. Сонымен қатар, «Еңбекнарығы» ақпараттық жүйесі арқылы 8474 тұрғынға 42500 теңгедентөленді. «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша 65 маман 18,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы алса, 52 маманғатұрғынүйсатыпалуүшін 202,8 млн. теңгебюджеттікнесиеберілді», – деді Сырдарияау данының әкімі Талғат Дүйсебаев.

42 отбасы баспаналы болды

Өткен жылы ауданда17,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 42 отбасы баспаналы болды.

«Халықты баспанамен қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен емес. Ауданда соңғы жылдары тұрғын үй салуда айтарлықтай жетістік бар. Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында Тереңөзек кентінде көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп, 42 отбасы баспаналы болды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, тағы да көпқабатты 2 тұрғын үй салу жоспарлануда. Оған қоса, республикалық бюджеттен 12 елді мекенге 35 тұрғын үй құрылысын жүргізуге және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 10 тұрғын жайын сатып алуға қаржы бөлініп отыр. Жалпы, биыл мемлекет есебінен 81 отбасы баспаналы болады деген жоспар бар», – деді Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев.

Соңғы жылдары жеке тұрғын үй секторында 329 жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Бұл тұрғындарды баспана салуға ынталандыруда.

Тағы да оқыңыз: