Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында құтқарушылар Сырдария өзенінің ортасына дейін жүзіп барып, аяғы тартылып қалған 24 жастағы тұрғынның өмірін аман сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиға дарияның облыс орталығындағы үшінші ірілендірілген квартал аумағы тұсында орын алған. 24 жастағы тұрғын дарияның ортасына дейін жүзіп барған. Одан кейін аяғы тартылып қалған.

«Хабарды алғаннан кейін құтқарушылар дереу іске кірісті. Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы Fалымжан Елмұратов екі құтқарушымен бірге оған жылдам көмек көрсетті. Сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Облыс тұрғындары тарапынан қауіпсіздік шараларын сақтау өз деңгейінде орындалмай келеді. Әлі суға шомылу науқаны басталған жоқ. Соған қарамастан кейбір азаматтар рұқсат етілмеген аймағына барып,суға шомылуды әдетке айналдырған. Соңғы 3 жылдың өзінде облыс аумағында қауіпсіздік талаптарын сақтамаған 74 азамат қаза тапты», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Тағы да оқыңыз: