Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасында өтетін Сырдария өзені күніне арналған суреттер мен эссе/өлеңдер байқауы.

Сырдария өзені күнін тойлау аясында Су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі USAID Өңірлік жобасы мен Қызылорда обылысы әкімдігі және Арал-Сырдария бассейні инспекциясы жастарды екі байқауға қатысуға шақырады.

Олар: сурет байқауы (7-15 жас аралығындағы балалар арасында) және эссе/ өлең байқауы (бакалавриат студенттері арасында).

Тақырып: «Сырдария өзені – достық өзені».

Сурет байқауы (Қызылорда және Түркістан обылысында тұратын 7-15 жас аралығындағы балалар арасында) Сурет салу кезінде төменде берілген талаптарды ескере отырып, Сырдария өзенінің еліміз бен Орта Азия үшін маңызына көңіл бөлу керек:

• Суретті А4 форматындағы қағазға салу керек.

• Суретті акварельмен, гуашьпен, тушьпен, пастельмен, түрлі-түсті немесе жай қарындашпен салуға болады.

• Жұмысты сканнерлеп, info@carececo.org электрондық поштасына жіберу керек; Хатта «Сырдария өзені күні – Қазақстан Республикасы» деп көрсетіңіз.

• Өтініш толтырған кезде автордың толық аты-жөнін, жасын, оқу орнын, тұратын мекен-жайын, электронды поштасын және баланың заңды өкілінің телефонын көрсетіңіз.

• Өтініш берудің соңғы күні – 15 тамыз.

Шығарма/өлең байқауы (Қызылорда және Түркістан обылысының бакалавриат студенттері арасында) Эссе/өлеңді қазақ немесе орыс тілінде жазуға болады. Оларды бағалау критерийі төмендегідей:

• Іс-шара тақырыбына сай келуі керек

• Өз бетімен жазылған және

• Автордың жеке көзқарасы мен уәжі болуы керек Басқа талаптар:

• Word форматында, қәрпі Times New Roman (14)

• Эссе екі беттен аспауы керек.

• Өлең бір беттен аспауы керек

• Цитатада берілген дереккөздер сілтеме ретінде көрсетілгені жөн.

• Жұмысты info@carececo.org электронды поштасына жіберіп, хат тақырыбын «Сырдария өзені күні – Қазақстан Республикасы» деп көрсету керек.

• Өтініш толтырған кезде автордың толық аты-жөнін, жасын, оқу орнын, тұратын мекен-жайын, электронды поштасын және телефон номерін көрсетіңіз.

• Өтініш берудің соңғы күні – 15 тамыз.

Жеңімпаздарға электронды пошта арқылы хабарлап, оларды 24 тамызда Қызылорда қаласында өтетін «Қазақстан Республикасында Сырдария өзені күнін атап-өту» іс-шарасы кезінде марапаттайды. Сондай-ақ, жеңімпаздар 26 қыркүйекте Қызылорда қаласында өтетін Сырдария өзені күнін өңірлік деңгейде тойлап өту іс-шарасында шығармашылығын көпшілікпен бөлісуге шақырылады.

Тағы да оқыңыз: