Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес қауіпті індетпен күрес жұмыстары ауданда күшейтілді.

Бүгінде аудан бойынша 16 мониторинг топ құрылып, күнделікті жұмыс істеуде. Топ мүшелері жыл басынан бері 500-ден астам рейдтік тексерулер жүргізіп, нәтижесінде карантин талаптары бұзылған 47 іс анықталды. Рейд қорытындысында 48 айыппұл салынып, барлығы өндірілді. Атап айтар болсақ, 17 той өткізу, 17 дүкендерде талаптың сақталмауы, 8 қоғамдық тамақтану, 1 ас беру, 1 көкпар ұйымдастыру, 3 жиын өткізу, 1 компьютерлік клубтың карантин талаптарын бұзуы анықталған.

Айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 87 510 теңге болса, заңды тұлғалар үшін 230 айлық есептік көрсеткіш, яғни 670 910 теңгені құрайды. Қазіргі таңда өндірілген айыппұл мөлшері – 2 348 185 теңгені құрайды.

Атап өту керек, ауданның кез келген тұрғыны мониторингтік топ мүшелеріне карантин талаптарының сақталмау дерегі бойынша ақпарат ұсына алады. Ол үшін төмендегі байланыс нөмерлеріне хабарласуға болады. Ақпарат ұсынушы туралы мәліметтер құпия сақталады.

№1 мониторингтік топ жетекшісінің ұялы телефоны – 87075130303;

№2 мониторингтік топ жетекшісінің ұялы телефоны –87023069661;

№3 мониторингтік топ жетекшісінің ұялы телефоны – 87012128265.

Тағы да оқыңыз: