Kyzylorda-news.kz. Сырдария аудандық маслихат депутаты Жұмабек Ембергенов аудандық ауруханаға 10 дана оттегі баллондарын алып берді.

«Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық ХҚКО бөлім басшысы Жұмабек Ембергенов қиын-қыстау кезеңде аудандық ауруханаға қол ұшын созып, 400 мың теңге көлемінде демеушілік жасап, қосымша 10 дана оттегі баллондарын алып берді.

Сырдария аудандық ауруханасында індеттің таралуына байланысты медициналық құрылғылар мен оттегі баллондарының аздығын ескере отырып, Жұмабек Әшімұлы отбасының атынан аудан халқы үшін жанашыр екендерін көрсетіп, қаржылай көмек пен оттегі баллондарын сыйға тартты.

Аудандық аурухана басшылығы осындай сын сағатында демеу білдірген Жұмабек Әшімұлы мен отбасына алғыстарын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: