Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттің қуатты болуында салықтың шешуші рөл атқаратыны белгілі. Қай елде салықтың түрлерін жинау ұтымды, ұтқыр ұйымдастырылса, сол елдің қазынасы толып, әлеуметтік мәселелерді шешуге қауқарлы болады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру және күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі — салық базасын кеңейту.

Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен аудан әкімдігі арасында жасалған «Сырдария ауданы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған салық және бюджетке төленетін төлемдердің резервтерін анықтау» бойынша алгоритм жобасының іске асыру бойынша комиссия отырысы өткізілді. Жиын аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаевтың төрағалығымен өтті.

Комиссия отырысына аудандық кірістер басқармасының басшысы Ашраф Жүсіпов, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мамандары мен аудандық қаржы бөлімінің өкілдері, кент және ауыл әкімдері, сондай-ақ тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссия отырысында алгоритм бойынша аудандық бюджеттің толыққанды орындалуын қамтамасыз ету бойынша мәселелер көтеріліп, тиісті сала басшыларымен осы бағытта жұмыс жасау тапсырылды.

Тағы да оқыңыз: