Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәдениет саласының ардагері Жантемір Айсиннің 70 жылдық мерейтойына және Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Марат Омаровты зейнет демалысына шығарып салуға арналған мерейтойлық іс-шараға қатысты.

Аудан әкімі мәдениет саласының ардагері Жантемір Айсинның 70 жылдық және аудандықтарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Марат Омаровты құрметті зейнет демалысына шығу мерейтойларымен шын жүректен құттықтады.

Аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы бүгінде ұзақ жылғы еңбегінің жемісін көріп отырған Жантемір Айсин мен ауыл шаруашылығында, мемлекеттік қызметте және мәдениет салаларында жемісті еңбек еткен Марат Омаровтың өмір жолдарына, атқарған қызметтері, ауданымыздың дамуына қосқан сүбелі үлестеріне айрықша тоқталды.

Бүгінгі құрмет иелеріне сый-сияпат табыстап, қазақы дәстүрмен шапан жауып, марапаттарымен тағы да құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық тіледі.

Салтанатты шарада аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев, ауданның «Құрметті азаматы» Алма Бахтиярова мерей той иелерін құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.

Шара соңында құрмет иелері Жантемір Айсин мен Марат Омаров сөз кезегін алып, өз ризашылықтарын білдіріп, ауданның дамуына, көркейе беруіне шынайы тілектестіктерін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: