Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында бұқаралық және спорттық ойын түрлерін дамыту мақсатында балалар мен жасөспірімдерге арналған ақысыз түрде спорт секциялары ашылып, жұмыс жасауда.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың айтуынша, Сырдарияда 132 спорттық нысан, 539 спорттық секциялар жұмыс жасап тұр. «Мансұр» спорт клубында спорттың 6 түрінен 440 бала шұғылданса, ал Сырдария спорттық-зияткерлік орталығында спорттың шахмат түрінен 45 бала шұғылданады. Жалпы, қазіргі таңда халықтың 34 пайызы жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

«Ауданның мәдениет саласында қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес тиісті шаралар атқарылып келеді. Жыл басынан бері 390 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оған 51 400 көрермен тартылды. Сонымен қатар, «Балалар жылына» орай есепті кезеңге 59 шара өткізілді. Бүгінгі таңда аудан өнерпаздары елді мекендегі халықтың, еңбек адамдарының, жастар мен балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Өнер тұнған Сырдария» атты концерттік бағдарламаласын ұсынды. Аталған шаралар жыл аяғына дейін жалғасын табатын болады», – деді аудан әкімі баспасөз конференциясында.

Аудан әкімінің мәлімдеуінше, Сырдария ауданы бойынша қоғамдық-саяси және діни ахуал тұрақты.

Тағы да оқыңыз: