Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентіндегі орталық алаңға алып сағат орнатылды.

Сағаттың ұзындығы 14 метр, ені 5 метрді құрайды. Негізінен сағаттың кескіні Сыр күрішінің бейнесін сомдайды. Алып сағатты құрастыруға екі айға жуық уақыт кеткен. 

Ерекше сағатты аудан тұрғындарына Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейдің 1980 жылғы түлектері сый етті.

Айта кетейік, алдағы уақытта сағаттың айналысына гүлзар орналастырылатын болады.

Тағы да оқыңыз: