Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тұрғындары Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинауды жалғастыруда.

Қызылордалықтар Мақтаарал ауданына тағы 24 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Оны жинауға Шиелі, Жаңақорған және Қазалы аудандарының кәсіпкерлері, мешіт жамағаты, жүргізушілер мен бастамашыл халық өкілдері атсалысты.

Бүгін 7 автомашинадан құралған керуен жолға шықты. Аталмыш керуен зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек, бірінші кезекте қажетті заттар мен жеке гигиена құралдарын жеткізеді.

Сонымен қатар, Шиелі ауданы тұрғындары Мақтаарал халқына 1 млн теңге қаражат жинап берген.

Гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: