Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында 184,2 мың гектар жерге егiс егілді. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың гектарды құрады. Бұл туралы Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық егіліп отыр.

Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері дақылы 1 667 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар тәлімдік жерлерге күздік бидай дақылы егілді.

Сыр диқандары ағымдағы жылы орын алған су тапшылығы жағдайы мен пандемияның шектеулеріне қарамастан ала-жаздай жасаған тынымсыз еңбегінің нәтижесінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, жоғары өнім жинады. 89,5 мың гектар күріштің әр гектарынан 61,8 центнерден өнім алынып, ел қамбасына 551,3 мың тонна Сыр маржаны құйылды.

Тағы да оқыңыз: