Сыр аналары облыстық форумда бас қосты – Kyzylorda News
Басты бет

Сыр аналары облыстық форумда бас қосты

23.11.2019, 15:03

305 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының және «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Отбасы. Қоғам. Құндылық» тақырыбында облыстық әйелдер форумы өтті. Форумға көп балалы аналар, аналар кеңестері мүшелері мен түрлі салада жетістікке жеткен әйел азаматтар, көпбалалы жас отбасылар қатысты.
Шарада облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова алғы сөз алып, бүгінгі тақырыптың мазмұны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жасады. Еуразиялық Банк Акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының басшысы Айжан Шегенова «Отбасы қаржысын жоспарлау» тақырыбында, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Зоя Көшенова «Ұрпақ денсаулығы ұлт болашығы» тақырыбында, «Жомарт» қоғамдық қорының төрайымы Мая Наримова «Ерікті еңбектің қоғамға қосар үлесі» тақырыбында баяндама жасады. «Баламекен» мөлтек ауданының тұрғындары мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға отбасыларының атынан алғысын білдірді.
Шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, облыстық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын қолдау бағытында елеулі үлес қосып келе жатқан біршама қыз-келіншектер марапатталып, концерттік бағдарлама ұсынды.

0

Пікір қалдыру