Kyzylorda-news.kz. «Antikor» сервистік орталығында Қызылорда су жүйесі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Марат Жәмиевпен кездесу өтті.

Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова кездесудің негізгі мақсаты – квазимемлекеттік сектор субъектілерінде ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты және комплаенс-қызметтін енгізу екендігін назарға салды салды. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыруға көмек көрсету мақсатында агенттікпен әзірленген әдістемелік нұсқаулармен таныстырды. Сондай-ақ 2020 жылғы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде Қызылорда су жүйесі МКК – ның директоры Марат Жамиев ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты және комплаенс-қызметтін енгізу бағытында департамент қызметкерлерін бірлесе жұмыс жасауға шақырып, өткен жылы ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында атқарылған жұмыстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында қабылданған шаралар жайлы баяндама жасады.

Тағы да оқыңыз: