Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов Ұлы Отан соғысының ардагері, 96 жастағы Әбдірахман Әбішев ақсақалдың шаңырағында болып, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың және облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың мерекелік құттықтауын табыстады.

Мерекелік құттықтау кезінде Әбдірахман атаның қалада болмауына байланысты құттықтауды қарияның отбасы мүшелері қабылдады.

Әбдірахман Әбішев 1923 жылғы 1 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Томайкөл ауылында дүниеге келген.

1941 жылы соғысқа аттанып, Москва түбіндегі майданға қатысқан. Соғыстан келгеннен кейін Қазалы ауданының Аққой совхозында бас есепші болып қызмет атқарған.

Совхоздың орталық қоймасын 40 жыл басқарып, зейнетке шыққан.

Майдангер бүгінде 10 ұл-қыз тәрбиелеп, 35 немере, 20 шөбере сүйіп отыр.

Тағы да оқыңыз: