Шымкент қаласынан Қызылордаға жауынгерлік тудың көшірмесі жетті – Kyzylorda News
Басты бет

Шымкент қаласынан Қызылордаға жауынгерлік тудың көшірмесі жетті

24.02.2020, 16:40

1144 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы И.Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық мотоатқыштар дивизиясы жауынгерлік туының көшірмесі Шымкент қаласынан Қызылордаға жетті.

«Біз – Жеңістің мұрагеріміз» атты республикалық әскери-патриоттық эстафетаның символы болған туды ұлықтау рәсімі «Мәңгілік алау» аллеясында өтті.

Қаладағы әскери бөлімдердің офицерлері мен жауынгерлері салтанатты сап түзеп, ардагерлерге құрмет көрсетіп, Отан үшін күрескен жандардың рухына тағзым жасап, мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қойды.

Қазақ жерінде жасақталған дивизия ұрысты Сталинград түбінен бастап, жеңісті Прагада қарсы алған. Қаншама елдімекенді жау қолынан азат етті.  Дивизияның 31 жауынгері Кеңес Одағының Батыры атанды.

Аты аңызға айналған дивизияның жауынгерлік туының көшірмесін қабылдап алған 5547 әскери бөлімінің сарбаздары ұлт рухын асқақтататын эстафетаны Атырау қаласына жолдады.

0

Пікір қалдыру