Шиеліні газдандыру жұмыстары жалғасады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Шиеліні газдандыру жұмыстары жалғасады

23.12.2020, 19:00

581 0

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында «Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа жеткізу мақсатында облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміктерлер танымал тұлғалардың үйлерін аралап үгіт жүргізді.

Ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Әбдірахмановтың шаңырағында болған кездесуде үміткерлер ақсақалды партияның алдағы 5 жылға арналған жоспарымен таныстырды. Сонда ауданды газдандыру жобасы да сөз болды.

«Шиелі кентінде 5 359 үй газ пайдаланып отыр. Кенттегі 24 бюджеттік мекеме, 56 ірі кәсіпорын мен 115 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары, Ы.Жахаев, Гигант елді мекендері газға қосылған. Аудан халқының табиғи газбен қамтамасыз ету үлесі 50,6 пайызды құрайды. Осы бағытта партия өзінің Сайлауалды бағдарламасында елді мекендер мен әлеуметтік нысандарды әрі қарай газдандыру жұмыстарын мақсат етіп отыр. Соның ішінде аудандағы 5 мектепті, 12 мың тұрғыны бар Алғабас, Бекежанов, Қодаманов, Ақмая елді мекендерін газдандыруға ықпал етеді. Нәтижесінде, ауданның газбен жабдықтау үлесі 66,4 пайызға жететін болады», – деді Тілеуберген Шаутай.

«Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Шиелі кентінен жылына қуаттылығы 5,4 мың дана темір бетон өнімдерін өндіретін шағын зауыт салуға, жылына қуаттылығы 1,8 мың дана шлакоблок өндіру цехын іске қосуға, Еңбекші елді мекенінен Бала-Сауыскандык кен орнын зерттеп, ванадий рудасын өңдеу комбинатын жылына қуаттылығы 214 тонна 260 тоннаға дейін кеңейтуге, жылына қуаттылығы 10 мың тонна асфальтбетон зауытын және жылына қуаттылығы 21 млн шаршы метр керамикалық плита өндіру зауытын салуға ықпал етеді», – деді Нәсіпбай Көпенов.

Халық игілігі үшін бағытталған жобалармен қаныққан ардагер елдің аманатын арқалап отырған партияның игілікті істеріне сәттілік тілеп, үміктерлерге батасын берді. Өз кезегінде үміткерлерде ақсақалды ардагерлерді жұмылдырып партияға дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0

Пікір қалдыру