Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының орталығында Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын жоба шеңберінде электр желілерін жаңғырту жүргізілуде. Жаңғырту төменгі (400 Вольт) және орташа (10000 Вольт) кернеулі электр тарату желілері бойынша.

Ағымдағы уақытта кернеуі төмен (400 Вольт) электр желілерін жаңғырту бойынша СВ-95-2 – 4048 тіректердің ішінен 3378 данасы немесе 83% электр беру желілерінің тіректері орнатылды.  СИП-4 сымдарының 69,809 км құрастырылып ілінген  жоба бойынша осы типті 85,128 км сымдардан немесе 82% құрастырылған. Орта кернеулі (10000 Вольт) электр желілерін жаңғырту бойынша СВ-105-5 – 110 дана тіректерден 110 дана тіректің жоба бойынша осы типті электр беру желілерінің тіректері немесе 100% орнатылды. СВ-110-5 – 13 дана тіректен 9 данасы жоба бойынша осы типті немесе 69% орнатылды. КТПБ-10/0,4 кВ 400 кВА – 1 дананың жоба бойынша 1 данасы немесе 100%, КТПБ-10/0,4 кВ 250 кВА – 16 дананың жоба бойынша 11 данасы немесе 69%, КТПБ-10/0,4 кВ 160 кВА – 1 дананың жоба бойынша 1 данасы немесе 100% трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды. Бір фазалы электр энергиясын– жоба бойынша 2871 данадан 1840 данасы немесе 100% есептеу шкафтары орнатылды.

Шиелі кентінің электр желілерін жаңғырту Шиелі ауданына қызмет көрсететін «Қызылорда ЭТТК» АҚ-ның Шиелі АЭЖ бойынша жүргізіледі.

Электр желілерін жаңғырту Шиелі кентінің электр энергиясын тұтынушыларын апатсыз және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

 Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Тағы да оқыңыз: