Шиеліде жаңа оқу жылына білім беру нысандарының дайындық жұмыстары пысықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Шиеліде жаңа оқу жылына білім беру нысандарының дайындық жұмыстары пысықталды

15.08.2022, 9:17

348 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып, Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатовпен бірге жаңа оқу жылына білім беру нысандарының дайындық барысын пысықтады.

Нұрымбет Аманұлы алдымен Бәйтерек ауылдық округіндегі Бидайкөл ауылында орналасқан №148 орта мектеп ғимараты жылу қазандығын табиғи газға ауыстыру жұмыстарының барысын және кент орталығында орналасқан №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейге қажетті қосымша 300 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстарымен танысты.

Әрі қарай Шиелі индустриалды-аграрлы колледжінің алдағы оқу жылына дайындығын, оқушыларымыздың оқу шеберханаларында қолайлы тәжірибие алмасуымен сапалы білім алу жағдайын көрді.

Сондай-ақ, Жансейіт елді мекенінде орналасқан №133 негізгі мектеп ғимаратының жағдайын көріп, алдағы уақытта замануи талаптарға сәйкес 100 орындық жаңа мектептің құрылысын салу жөнінде тиісті ұсыныстарды жан-жақты зерделеп, қарау қажеттегін жеткізді.

Аралау барысында облыстық білім басқармасы мен аудан әкімдігіне төтенше жағдай салдарынан орын алып, табиғи дауылды желден толық зақым келген Досбол датқа ауылындағы №155 Д.Шыныбеков атындағы және Бәйгеқұм ауылындағы №251 М.Әуезов атындағы мектеп ғимараттарының шатырларын және ішінара шатырлары ұшып кеткен білім нысандарының төбе жабындыларын қалыпқа келтіру үшін тиісті комиссия қорытындысына сәйкес ұсыныс беріп, шұғыл арада қаражатты қарастырып, қалыпқа келтіру керектігін тапсырды.

Қазіргі таңда аудан бойынша 40 білім беретін ұйымдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, балаларымыздың талапқа сәйкес жаңа оқу жылында білім алуына барлық жағдайлар қарастырылуда.