Шиеліде өндіріс орнынан құрал-саймандар ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Шиеліде өндіріс орнынан құрал-саймандар ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды

05.03.2021, 11:00

339 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен «Шымкент-Самара» тас жолында Шиелі ауданы Бала би ауылының тұсында «Газель» автокөлігі тоқтатылған.

Тексеру барысында автокөлік салонында аудандағы ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінен ұрланған темір құрал-саймандар анықталды. Бұл қылмысқа күдікті көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Олардың үшеуі де 20 жастағы аудан тұрғындары болып шықты.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 баптың 1 бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», делінген полиция департаментінің хабарламасында.

0

Пікір қалдыру