Kyzylorda-news.kz. Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің тігін цехында медициналық бетперделер (маска) тігу қолға алынды.

Қызылорда қаласындағы “Далатекс” тігін фабрикасымен және Шиелі кентіндегі «Тоғжан» тігін шеберханасымен әлеуметтік әріптестік аясында жүзеге асып жатқан бетперде тігу сәтін бүгін аудан әкімі Қ.Мүбараков бақылап, сапасына және бағасына қатысты тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің тігін цехынан бір күнде 1000-1500 дана бетперде шықса, тігіншілердің қолы үйренген кейін бір күнде одан да көп данасы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Дайын болған бетперделерді аудан орталығындағы дәріханаларда сату жұмыстары келісіліп, тұрғындарға қолжетімді бағада ұсыну жоспарлануда.

Тағы да оқыңыз: