Kyzylorda-news.kz. Бүгін Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шараларына байланысты арнайы құрылған аудандық жұмысшы тобының құрамымен бірге Керделі, Жуантөбе, Бәйтерек және Иіркөл ауылдық округтерін аралады.

Биылғы жылдың 21 қыркүйегінен бастап «Батыс дезинфекция» Жеке Медициналық мекемесінің тарапынан аудандағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қолайсыз деп танылған елді мекендерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Дегенмен, осы дезинсекциялық жұмыстардың алдында міндетті түрде ауылдағы мал қора-жайларды, шаңлақтар мен суаттарды ескі қи-көңнен, күл-қоқыстардан арылтып, механикалық-санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Егер алдын ала механикалық-санитарлық тазалау жұмыстары жасалмаған жағдайда ветеринариялық «Креолин-Х 5%» препаратымен жүргізілетін дезинсекциялық жұмыстар нәтижесіз болмақ.

Сондықтан осы және басқа да себептерге байланысты күзгі індеттік маусымындағы залалсыздандыру жұмыстарының нәтижелі болу үшін тұрғындарға аудандық СЭББ басшысы Г.Айтекеева, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Б.Айдаров, аудандық ветеринарлық станциясы директоры Б.Бекхожаев, ауылдық округ әкімдері және ауылдық ветеринар мамандардың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: