Kyzylorda-news.kz. Шиелі аудандық прокуратурасының бастамасымен халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен COVID-19 шектеулеріне байланысты жұмыспен қамту бөлімінде «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңкеге аудан әкімінің орынбасары Айтбай Насриддинұлы, аудан прокоротурасының прокуроры Елжас Ғалымұлы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерінің тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Рүстемұлы, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Алмат Әбдуәзизұлы, 22 жұмыс беруші мекемелердің өкілдері қатысты.

Аталған жәрмеңкеде Айтбай Насриддинұлы аудан көлемінде жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру бағытындағы атқарылып жатқан шараларға тоқталып, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және олардың жұмыс берушілермен өзара әрекеттесуді оңтайландыру болып табылатынын, осы шарада жұмыс берушілерден қолда бар бос жұмыс орындары мен еңбек жағдайлары туралы ақпарат алу жөнінде түсіндірме жүргізді.

Жәрмеңкеге қатысушы жұмыс іздеушілерге 18 жеке, 4 мемлекеттік мекемеден 77 бос жұмыс орындары ұсынылып, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары ұзақ, қысқа мерзімді оқыту, «Бастау-Бизнес» жобасы, жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік қайтарымсыз грант беру, шағын несие, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыс, ұрпақтар келісімшарты, алғашқы жұмыс орны жобаларына қатысуға кеңестер берілді. Нәтижесінде 31 азамат тұрақты жұмыспен және жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.

Азаматтарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар бұдан әрі де жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: