Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Жартыжылдықтағы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. 349 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 199,3 пайызды құраған. Бұл туралы бүгін Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбеков мәлімдеді.

Қарқынды құрылыс жұмыстарының нәтижесінде биылғы жылдың 6 айында 31 078 шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілген. Кенттегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысы да қарқынды түрде жалғасуда. Сонымен бірге аудандағы әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы қаралған. Жыл аяғына дейін 20 отбасы баспаналы болмақ.

“Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында Шиелі кентіндегі Шұғыла-2, Шұғыла-3 жəне Шығыс-4 мөлтек аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым дамыту жəне жайластыру тас жолдарының құрылысы жұмысына ағымдағы жылға барлығы 348 млн. 797 мың теңге қаржы қаралып, толық игеріліп, нысан пайдалануға берілді. Жалпы жобаны толық жүзеге асыру үшін 3 жылда 786 млн. 440 мың теңге қаржы бөлінді.

“Шиелі кенті Береке шағын ауданында 3 бөлмелі бір пәтерлі 25 тұрғын үй салу жұмыстарына 441 млн. теңге қаржы қаралып, толық игеріліп, нысан пайдалануға жақын арада берілетін болады. Өткен жылы 334 млн 354 мың теңге, биыл 124 млн қаржы игерілді. Қазіргі таңда «Отбасы банкімен» жұмыстар жүргізілуде. Кенттегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысы жұмысына республикалық және облыстық бюджеттерден 719 млн. теңге қаржы қаралды. Жастарды қолдау мақсатында «Көкшоқы» мөлтек ауданындағы ескі ғимаратты Жастар сарайы ғимаратына қайта жаңғыртылды. Бұл мақсатқа 62 млн. 718 мың теңге қаржы қаралды. Жақын арада ғимаратты пайдалануға беретін боламыз. “, – дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Шеген Қодаманов ауылына тартылатын газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу жұмыстарына республикалық бюджеттен барлығы 557 млн. 426 мың теңге қаржы қаралған. Оғн қоса, Бекежанов ауылында тартылатын газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу жұмыстарына барлығы 327 млн.300 мың теңге қаржы қаралды. Тамыз айының соңында ауыл көгілдір отынға қосылады.

Тағы да оқыңыз: