Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімі Қ. Мүбараков Шиелідегі сауда нысандарында болып, азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығын қадағалады.
Сауда қатарларын аралап көрген аудан басшысы алдымен көкөніс, ұн, ет өнімдерінің бүгінгі бағамын саралады.
Сондай-ақ, кей сатушы кәсіпкерлерге сауда жасайтын орындардың тазалығына қатысты қатаң ескертулер жасады.
Базар басшылығы мен тиісті сала жетекшілеріне азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды жүктеді.

Тағы да оқыңыз: