Шиелі ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды – Kyzylorda News
Басты бет

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

19.04.2021, 17:20

605 0

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Апетов Ерсұлтан Амантайұлы тағайындалды.

Апетов Ерсұлтан Амантайұлы 1974 жылдың 15 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік Аграрлық университетінің малдәрігері;

2016 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының экономика және бизнес бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Зұлыпхар» жеке шаруа қожалығында мал шаруашылығының маманы болып бастаған.

2000-2001 жылдары Қожакент ауылдық округі әкімінің аппаратының мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;

2001-2004 жылдары Жаңақорған аудандық ветеринариялық станциясының малдәрігері;

2004-2010 жылдары Жаңақорған аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы–мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;

2010-2012 жылдары Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінің бастығы, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы;

2012-2015 жылдары Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы;

2015 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының ветеринария басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

0

Пікір қалдыру