Kyzylorda-news.kz. Өткен сенбіде облыс аумағында қатты жел, шаңды дауыл соғып, ауа райы қолайсыздығынан Жаңақорған және Шиелі аудандарында табиғи төтенше жағдайлар тіркелді.

Желдің жылдамдығы 24-22 метр секунд болған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

«Жаңақорған ауданы бойынша 2 ғимараттың шатыры құлады. Ол Бесарық ауылындағы ауылдық клубы және Төменарық ауылындағы нысан. Ал, Шиелі ауданы бойынша 7 ғимараттың шатыры жарамсыз қалды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда ЖАО комиссия жұмыс жасауда», – деді Саид Шазындаұлы.

Тағы да оқыңыз: