Сенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

17.04.2021, 9:00

155 0

Kyzylorda-news.kz. 17 сәуір күні республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, түнгі уақыттарда солтүстік-батыста жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Атап айтқанда, Алматы, түнде Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

0

Пікір қалдыру