Kyzylorda-news.kz. Республиканың шығысына антициклон ықпал етеді, ал батыс бөлігіне Солтүстік-батыс циклоны келеді. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады. Батыста жаңбыр мен қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашын жаумайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Боран соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде – жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде жел қарқыны – 15-20 м/с.
Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында бұрқасын көтеріледі. Кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде желдің күші – 15-20 м/с.Жамбыл обласының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде жел қарқыны – 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысында көктайғақ болжанады.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде қатты аяз болады.
0