Kyzylorda-news.kz. Қыркүйектің 5-і күні Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың тек солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Республиканың кейбір бөліктерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауса, кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады, бұршақ жаууы да мүмкін деп болжанып отыр.

Тағы да оқыңыз: