Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Сенбі күні ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында да жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел болады. Республиканың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Елдің солтүстік-шығысы мен орталығына әлі де антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Қызылорда облысында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыс орталығында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Тағы да оқыңыз: