Kyzylorda-news.kz. 9 қазан күні антициклон жотасы әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын блады. Ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыс бөліктегі таулы аудандарда нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел секундына 17-22 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 27 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метге дейін күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстік – батысында тұман түсуі ықтимал.

Тағы да оқыңыз: