Kyzylorda-news.kz. 22 мамырда батыс антициклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің тек оңтүстігі және шығысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде желдің күші 23 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, күндіз жел екпіні – 23 м/с.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында – 25 м/с. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Атырау, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады. Павлодар облысында түнде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Алматы облысының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: