Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Сүлеймен Ляззат Жаңылысқызы жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болып, тұрғындармен кездесті.

Халық қалаулылары ең алдымен аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлымен бірге жаңадан пайдалануға берілген аудандық аурухана ғимаратымен танысты. Заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтарды көріп, оң бағасын берді.

Сенат депутаттары Жалағаш кентінде қайта жабдықтаудан өткен балабақша ғимаратымен танысып, 201 мектеп-лицейде білім саласы қызметкерлерімен кездесті. Халық қалаулылары тұрғындарды Парламент қабырғасында атқарылған жұмыстар мен қабылданған заңдар жөнінде хабардар етіп, заңға енгізілген толықтырулар жөнінде кеңінен баяндап өтті.

Сонымен қатар, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге негізделіп қабылданған «Педагог мәртебесі» Заңындағы ұстаздардың беделін, материалдық және моральдық жағдайын арттыру мәселелеріне де айрықша тоқталды.

Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған өзекті мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сауалдарына тиісті жауап алды.

Сенат депутаттары ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: