Kyzylorda-news.kz. Сейсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

20 шілдеде циклонның ықпалында болуы байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте және солтүстік-батыста түнде және таңға жақын тұман түсуі мүмкін.

Қызылорда облысың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.

Тағы да оқыңыз: