Kyzylorda-news.kz. Қырғызстандағы дүрбелең көршілес елдерді де алаңдатуда. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табатынына сенім мол.
Қырғыз еліндегі алауыздық, бей-берекеттік біздің елімізге салқынын тигізбеуі қажет. Біз жастарды, халықты ауызбіршілікке, ынтымаққа шақыруымыз қажет. Береке-бірліктен асқан бақыт жоқ. Қазақстан татулықтың мекені екенін әрдайым естен шығармауымыз қажет.
Бұл мәселеде арандатушылыққа жол бермеу керек. Біздің бірлігімізге, татулығымызға сызат түсіргісі келетіндер бар. Алайда біз осы орайда сақ болуымыз қажет. Алауыздықтан ештеңе ұтпаймыз. Қайта ұтыламыз. Бұл – жақсылыққа апармайды. Сондықтан бірлікте, татулықта, ауызбіршілікте тірлік жасап, өз ісімізбен айналысайық.
Баршаңызды сабырға, ынтымақ-бірлікке, ақылмен іс қылуға шақырамын!
Қазақтығымызды, азаттығымызды сақтайық!

Сақтапберген ЖҰБАТҚАНОВ, Қызылорда облыстық Қырғыз этномəдени бірлестігінің төрағасы.

Тағы да оқыңыз: