Сахара шөлін қар басты – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Сахара шөлін қар басты

19.01.2021, 15:40

410 0

Kyzylorda-news.kz. Әлемдегі ең үлкен шөл – Сахарада температура 0 градустан төмендеп, қаңтар айында қар жауды.

Фотограф Карим Бучетата осы ерекше көріністі суретке түсірген. Ол Алжирдің Айн Сафра қаласының маңындағы қар басқан шөл далада және Сауд Арабиясының солтүстігіндегі Табук қарлы шөлінде жүрген түйелер мен қойларды суретке түсірді.

Айн-Сафра Сахара шөлінің шетінде орналасқан, оны «Шөл қақпасы» деп те атайды. Бұл ауданда қар 2017 және 2018 жылы да жауған. Ал оған дейін қар жууы туралы жағдай 1979 жылы ақпанда ғана тіркелген.

The Sun басылымының хабарлауынша, Сахара шөліндегі температура ыстық маусымда +50 градусқа дейін көтеріліп, суық мезгілде +12 градусқа дейін төмендейді. Алайда, биыл қаңтарда температура 0 градустан төмендеген.

Қаңтар – Сауд Арабиясындағы ең суық ай. Орташа температура +20 градус болады. Табук – елдегі ең суық аймақтың бірі. 10 қаңтарда осы таулы аймаққа қалың қар жауды. Ливан, Сирия және Иран да қар астында қалды.

Сарапшылар шөлдің қатал климаты мен құрғақшылығына қарамастан, 15 мың жылдан кейін Сахара қайтадан жасыл желек жамылған аймаққа айналады дейді.

Massaget.kz

0

Пікір қалдыру