Рухани жаңғыру: Сыр елінде атқарылған шаралардың ауқымы кең – Kyzylorda News
Басты бет

Рухани жаңғыру: Сыр елінде атқарылған шаралардың ауқымы кең

28.04.2020, 9:20

650 0

Kyzylorda-news.kz. Биыл қоғамдық сананы жаңғыртудың басым бағыттарын қамтыған түрлі форматтағы 204 шара енгізілді. Алайда елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты жоспарланған іс-шаралардың көбісі онлайн жүйеге көшірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжас мәлімдеді.

«Карантин кезінде орталықтың ресми парақшаларында «Ең үздік пост» байқауы жарияланып, жеңімпаз анықталды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» онлайн-байқау және «Туған өлкем – байлығым!» атты бейнероликтер байқауы жарияланып, белгіленген хэштегтер бойынша материалдар жинақталуда. Мұнан өзге, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес әдет-ғұрыптық рәсімдерді (тойлар мен астар) ысырапсыз, даңғарасыз өткізуді насихаттау мақсатында сәуір айынан бастап облыс көлемінде «Тал бесіктен жер бесікке дейін…» жобасы жүзеге асырылмақ», – деді Нұрлыбек Кәрібозұлы.

Сонымен қатар, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдап, кәсібилікті арттыру мақсатында «Сыр өнімі» атты байқауы және ұлттық бірегейлікті айқындайтын тәрбиенің оң ықпалын насихаттап, ұлттық байлығымыз саналатын домбыра аспабын ел арасында насихаттау мақсатында «Домбырадан төгілген күй» челленджі жарияланатын болады.