Kyzylorda-news.kz. Ресей Қазақстанға Байқоңырда пайдаланылмайтын мүлікті тапсыруды бастады, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Алғашқы болып 90 жылдары жиналып, сол күйі орбитаға жөнелтілмеген Экран-М спутнигі мен оның қосалқы құрылғылары беріледі.

Бұл туралы бұйрық Ресей Федерациясының құқықтық интернет-порталында жарияланды.

«Роскосмос мемлекеттік ғарыш корпорациясының федералдық меншіктегі жылжымалы мүлікті Қазақстан Республикасының меншігіне беру туралы ұсынысы тәртіпке сай іске асырылсын», – делінген қаулыда.

Тағы да оқыңыз: