Референдумды қолдау мақсатында кездесу өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Референдумды қолдау мақсатында кездесу өтті

13.05.2022, 20:42

297 0

Kyzylorda-news.kz. Еліміздің Ата заңына түзетулер топтамасын енгізуге қатысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Осы тарихи бастаманы қолдау мақсатында «AMANAT» партиясы жанынан арнайы қоғамдық штабтар құрылып ел арасында насихат жұмыстарын жүргізіде.

Бүгін Қазалы аудандық партия филиалы жанындағы штаб төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев және штаб мүшесі Нұрлан Имандосов референдум маңыздылығын түсіндіру бойынша «РЗА-Агро» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

Жиын барысында штаб өкілдері референдум өткізу – демокартиялық дамудың жаңа көрінісі екендігін, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын атап өтті. Сондай-ақ, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында серіктестік қызметкерлері мемлекет басшысының Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығару туралы шешімін азаматтардың болашаққа және әділ қоғамға деген сенімін ақтайтын, арттыратын дұрыс қадам екенін жақсы қабылдап қолдайтындықтарын және Қазақстан азаматы ретінде белсенді қатысатындықтарын жеткізді.