Kyzylorda-news.kz. Биыл мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізіледі.

Осы орайда, референдумды қолдау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «AMANAT»партиясы республикалық штабының мүшесі Балайым Кесебаева,облыстық штаб мүшесі, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов референдумның маңыздылығын түсіндіру бойынша Жаңақорған кенті, Жаңа ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, конституциялық реформа қабылданса, саяси жүйеге айтарлықтай өзгерістер жасалатындығы айтылды.

Ауыл тұрғындары Жаңа Қазақстанды құру бағытында жасалып отырған Президент бастамасын толық қолдап, референдумға бір кісідей қатысатындықтарын айтты.

Тағы да оқыңыз: