Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есебінде 600-ге жуық жазасын өтеуші бар.

 Қалалық  пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Бақыт Наурызбаевтың айтуынша есептегі 90 сотталғанға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы»  Заңы  қолданып, іс-құжаттары жинақталып  Қызылорда қалалық №2  сотына жолданған.

«Қызылорда қалалық №2 сотында 7 сотталғанның іс-құжаты сот өндірісімен қаралды. Оның ішінде 2-еуі рақымшылық заңына сәйкес босатылса, 5 азаматқа жазасының өтелмеген 3/1 бөлігі қысқартылды. Ал қалған  83 сотталғанның  іс –құжаттары сот қарауында»,- деді қалалық пробация қызметінің бастығы Б.Наурызбаев.

Тағы да оқыңыз: