Kyzylorda-news.kz. Қызылорда гарнизонының әскери бөлімінде техникалар мен қару жарақтарды жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Қызылорда гарнизонында 2021 жылдыңоқужоспарына сәйкес техникалар мен қару-жарақты жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жұмыстарысанитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормалардың сақталуымен және жеке құрамға қауіпсіздік шараларының ережелері, қызмет көрсетудің тәртібі мен жазғы кезеңде техникаларды пайдаланудың ерекшеліктерін түсіндірумен басталған болатын. Жоспар бойынша әскери қызметшілермен техникалық жұмыстар басталар алдындаәдістемелік-нұсқаулық сабақтар өткізілді.

Аталған ауысым жұмыстарының мақсаты – жазғы оқу кезеңінде жауынгерлік дайындық сабақтарынтоқтатпай орындау үшін қару-жарақ пен әскери техникаларды дайындау болып табылады.

«Біз, әскерилер, кез келген ауа-райына дайын болуымыз керек. Қарулы Күштеріміздегі жоспарға сай өтетін кезеңге ауыстыру жұмыстарының маңызы өте зор дер едім. Себебі, жұмыс барысында техникалар толықтай тексеріліп, анықталған ақаулары қалпына келтіріледі. Әскери техникаларды жақсы жағдайда ұстау әрбір әскери қызметшінің міндеті деп білемін»,-дейді әскери бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, подполковник Рахымжан Әнуаров.

Ауа мен отын сүзгілерін, техникалық бұйымдарды, жанар-жағар майлардың қысқы сорттарын жазғы түріне ауыстыру шаралары кезінде негізгі жүктеме механик-жүргізушілер мен механиктердің, осы жұмысқа қатысты барлық командирлердің және техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарлардың иығына түседі.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы техникалық қамтамасыз ету басқармасының офицерлері ауысым жұмыстарының нәтижесін тексеру барысында бөлім жеке құрамының осы уақыт аралығында атқарылған техникалар мен қару-жарақты жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жұмыстарының жоғары әрі сапалы дәрежеде атқарылғанын айта келе,оң бағаларын берді.

Тағы да оқыңыз: