Kyzylorda-news.kz. Соңғы мәлімет бойынша 424083 (51,53%) респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 364817-і sanaq.gov.kz сайтында, 34461 Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 24805 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің бастығы Мариям Баекеева хабарлады.

2021 жылғы Ұлттық халық санағы аясында азаматтарға олардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй жағдайларының жай-күйі және т.б. туралы 91 сұрақ қойылады. Халық санағын өткізу үшін 91 сұрақтан тұратын санақ парақтары әзірленді. 8 сұрақ бірге тұратын отбасы мүшелеріне, тұрғын-үй жағдайына, 60 сұрақ жеке басына қатысты және т.б. Санақ қорытындысы бойынша халықтың саны мен жыныстық-жас құрылымын бағалау үшін бастапқы база қалыптасатынын, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат.

Жалпы, санақ жұмыстарының II-кезеңіне 1113 адам уақытша жұмысқа тартылады, оның ішінде 139 нұсқаушы-бақылаушы, 974 сұқбатшы. Оларды уақытша жұмысқа тартылуы үшін stat.gov.kz, www.enbek.kz сайтына, әлеуметтік желілерге хабарлама беріліп, «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп жұмыстар жасалып, құжаттар қабылдануда.

Айта кету керек, ҚР халық санағын өткізу кезеңінде санақ персоналына куәлік (бейдж үшін қосымша бет) берілді. Куәлікте сұқбатшының немесе нұсқаушы-бақылаушының суреті болады, сонымен қатар мынадай деректемелер: тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және оның жарамдылық мерзімі, аумақтық статистика органының қолы мен мөрі көрсетілген. Халық санағының белгісі бар көк түсті мойынорағыш, портфелі бар.

Тағы да оқыңыз: