Қызылордалықтар сақтандыру қорына 7,1 млрд. теңге аударды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалықтар сақтандыру қорына 7,1 млрд. теңге аударды

05.01.2020, 17:00

331 0

Kyzylorda-news.kz. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7,1 млрд. теңге аударды, оның 6,9 млрд. теңгесі (97,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 188,7 млн. теңге (2,8%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі, – деп хабарлады сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы.

Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жанақорған аудандары көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.

0

Пікір қалдыру