Қызылордалық зияткерлер жалғызбасты қарияларға көмек көрсетуге шақырады – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық зияткерлер жалғызбасты қарияларға көмек көрсетуге шақырады

20.04.2020, 15:40

758 0

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ата-аналарының қолдауымен көмекке мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Өңірімізде бастау алған қайырымдылық шарасына «Номад», «Сыр елі» және «Әйтеке би» шаңырақтарының еріктілері  алғашқы болып  қосылды.  Жас зияткерлер  ұн, сүт өнімдері, жарма дақылдары, көкіністер мен  шаруашылық заттары бар көмек пакеттерін облыс орталығында тұратын жалғызбасты қарияларға жеткізді.

«Бүгінгі жағдайда тағдыр тәлкегімен жалғыз қалған азаматтар мен аз қамтылған отбасыларға өте қиын болып отыр. Сондықтан жұмыла көтерген жүк жеңіл болады демекші, халықтың әлеуметтік осал топтарына  қолдау көрсетуді жөн санадық. Оқушыларымыз  бен ата-аналарымыз бұл идеяны қолдап жатқандары олардың кең жүректі және өзгенің проблемаларына бей-жай қарамайтындықтарын көрсетеді»,  – дейді Зияткерлік мектептің педагог-ұйымдастырушы-кураторы Бағдат Абилов.

Бұған дейін де зияткерлердің қамқорлығына бөленіп жүрген қариялар өздерінің шынайы алғыстарын жеткізді.   

«Біз біргеміз!» деп  ұран еткен мектеп белсенділері  осы эстафетаны өзге оқушыларға жолдайды. Елдегі болып жатқан індет салдарынан қиын жағдайда қалған отбасыларға демеу болып, жақсылық жасауға шақырады.