Kyzylorda-news.kz. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қызылорда облыстық филиалы республикада алғашқылардың бірі болып цифрлық жүйеге қадам басты.

Енді жол сапасын қадағалайтын мамандар жұмысы түгелдей электорнды форматқа көшеді. Бұл жаңашылдық өндірісте әзірге пилоттық жоба ретінде қолданылады.

Бұдан-былай жолдың жайын тексеретін мамандар бұрынғыдай бума-бума қағаз арқалап, олқылықтарды тізбектеп жазып отырмайды. Протоколға енетін ескертпелер мен ұсыныстар арнайы планшетке енгізіледі. Және де ол базада сақталып, жолдардың сапасына қатысты кез-келген мағлұмат қол жетімді болмақ. Яғни, жолшылардың жұмысы ашық әрі жариялылық қағидасына сәйкес жүреді. Бүгінде жергілікті сапа орталығына жаңа қондырғылар жетті. Қазір мамандар тың технологияны пайдаланудың қыр-сырын үйреніп, жаңашылдықты меңгеріп жатыр. Алдағы уақытта электронды формат оң нәтижесін берсе, жолшылар қағазбастылықтан құтылып, толықтай цифрлық жүйеге көшеді.

«Жол саласын цифрландыру қазіргі заманның талабы деп білемін. Өйткені, жолдарға шыққанда қағаз бастылық көп. Кейде тексерілген жолдардың қорытындысы том-том құжат болады. Оның бәрі қол байлайды. Ал енді жұмысты планшет арқылы жүргізсек, бізге өте тиімді әрі қолайлы болады деп ойлаймын. Біздің мамандар жаңашылдыққа дайын деп нық сеніммен айта аламын», – дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК ҚОФ зертхана меңгерушісі Ержан Усманов.

Тағы да оқыңыз: